Елімізде демалыс күндері карантин күшейтіледі. 22 және 23 тамызда қоғамдық көлік қозғалысы шектеледі. Сауда үйлерінің, сауда желілерінің, сауда және ойын-сауық орталықтарының жұмысы тоқтайды. Сұлулық салондар, шаштараздар, спа-орталықтар, косметологиялық қызмет көрсететін объектілер жұмыс істемейді. Ашық ауада аттракциондардың жұмысына рұқсат жоқ. Қоса кетсек, Алматы тұрғындарына демалыс күндері тауға шығуға, Медеу, Алма-Арасан және басқа да ұлттық парктерге баруға тыйым салынады.