Елімізде ең төменгі жалақы жаңа әдіспен есептеледі

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Үкімет брифингінде айтты. Ведомство 2024 жылы орташа жалақы мен еңбек өнімділігі көрсеткіштері бойынша ең төменгі жалақыны есептеу әдістемесін әзірлейді. “Бұл әдістеменің негізгі алғышарттары – орташа жалақы мен еңбек өнімділігі пайдаланылады, бұл бүгінге дейін болмаған нәрсе. Тиісінше, Қазақстанда еңбек өнімділігі, медициналық жалақы қалай болады, соған байланысты ең төменгі жалақы анықталады”, – деді Светлана Жақыпова. Ол мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылы ең төменгі жалақы 85 мың теңгеге дейін көтерілетінін еске салды.