Энергетика министрлігі автогаздың шекті бағасын бекітті

Жаңа баға шегі келер жылдан бастап күшіне енеді. Аймақтар бойынша бекітілген максимал бағалар мынадай:
Астана – 76 теңге;
Алматы – 81 теңге;
Шымкент – 64 теңге;
Алматы облысы, СҚО – 81 теңге;
Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары – 54 теңге;
Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстары – 76 теңге;
Жамбыл облысы – 71 теңге;
Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облыстары – 64 теңге;
Павлодар облысы – 74 теңге.
Абай, Жетісу, Ұлытау облыстары – 76 теңге.
Әр облыстың шалғай аудандары үшін баға лимиті 5 теңгеге жоғары болады.