Елімізде емдеу хаттамасы 7 жылдан бері жаңартылмаған

Елімізде емдеу хаттамасы 7 жылдан бері жаңартылмаған. Дәрі-дәрмек тіркеу жүйесіндегі бюрократия мен фармацевтикалық саясаттағы әділетсіздік адамдардың өміріне тікелей қауіп төндіреді. Қазіргі жүйе науқастарға қажетті препараттарды қолжетімсіз етіп отыр. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Ұлттық дәрілік сараптама орталығын осылай өткір сынға алды. Депутаттың айтуынша, орталық тарапынан дәрі-дәрмек тіркеу процесінде өрескел бұзушылықтар анықталған. Тіркеу мерзімі норматив бойынша 210 күн ішінде өтуге тиіс болса, бұл кейбір компаниялар үшін үш жарым жылға дейін созылған. Ал кейбір “таныс” фармкомпаниялар үшін небәрі 25 күнде рәсімделген.