Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы Әлібек Қуантыров осылай деп мәлімдеді. Тауарлық газдың энергия тиімділігін арттыру үшін, ұтымды тұтыну үшін ірі коммерциялық кәсіпорындарға сараланған тариф енгізу; халық үшін көтерме бағалардың өңірлік айырмашылығын қысқарту және тұтыну көлемі бойынша сараланған тарифтерді енгізу шаралары ұсынылады. “Бұл газды үнемді пайдалану әдетін қалыптастыруға, ішкі тұтыну көлемінің тапшылығын азайтуға және газдың әлеуметтік-әділ құнын белгілеуге ықпал етеді”, – деді Қуантыров үкімет отырысында.