Әлеуметтік желіде қыздың аяусыз соққыға жығылған сәті түсірілген видео тарап жатыр

Оқиға Өскемендегі сауда орталығында болған. Видео дәретханада түсірілген. Бірі қызды қатыгездікпен ұрған, екіншісі видеоға түсірген. Бұл деректі Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті растады. «Тексеру жүргіздік. Бұл оқиға биыл 1-2 наурызда болған. Бұл дерек Қылмыстық кодекстің “Бір топ адамдар жасаған бұзақылық” бабы бойынша тіркелді. Қазір соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді ШҚО ПД баспасөз қызметі өкілдері. Оқиғаға қатысушылардың бәрінің жеке басы анықталған.