Ірі бизнес нысандарынан бюджетке 3 трлн теңгеден аса салық түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 36 процентке көп. Айта өтейік, елде мұндай ауқымды компаниялар саны 343 болса, оның 98-і жер қойнауын пайдаланушылар. Қалғаны экономиканың түрлі секторларында ірі салық төлеушілер. Олар қазынаның жартысына жуығын толтырып отыр.