“Көк» мәртебесі барларға 5 қаңтардан бастап сауда ойын-сауық орталықтарына, банктерге, халыққа қызмет көрсету орталықтарына және Қазпошта бөлімшелеріне кіруге тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев мәлімдеді. “Қазпочта” АҚ бөлімшелері, халыққа қызмет көрсету орталықтарына Ashyq-та “жасыл” мәртебеге ие тұлғалар ғана кіре алады”, – деді Бүркітбаев Үкімет отырысында. Шенеуніктің ойынша, мұның бәрі елдегі эпидахуалдың нашарлауына жол бермейді.