Осы ретте саусақ іздерін тапсырудан бас тартқандарға айыппұл салынады. Көші-қон қызметі комитетінің аға инспекторы Нұржан Жанабаев осылай деп мәлімдеді. 12 жасқа дейінгі балалардан басқа, еліміздің барлық азаматы және Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер дактилоскопиялық тіркеуге жатады. “12 жастан 16 жасқа дейінгі балалар дактилоскопиялық тіркеуден ерікті негізде өтеді. Саусақ іздерін алу Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жеке куәлікті, паспортты, шетелдіктің елде тұруға ықтиярхатты және азаматтығы жоқ адамның куәлікті ресімдеуі кезінде жүргізілетін болады”, – деді министрлік өкілі.