Петропавлда баласын терезеден лақтырмақ болған ер адамға сот үкімі шықты

Сотта ер адамның мас күйде болғаны, бесінші қабаттағы пәтерінен жаңа туған нәрестені лақтыратынын айтып қорқытқаны анықталды. Оған ер адамның әйелмен арадағы жанжал себеп болған. Оқиға орнына полиция, құтқарушылар жетіп оқиғаның алдын алған. Прокурор сотталушыға 120 сағат қоғамдық жұмысқа жегу түрінде жаза сұрады. Сотталушы өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкініш білдірді. Петропавл қалалық соты ҚР ҚК 115-бабының санкциясы бойынша ең жоғарғы жазаны белгіледі. Ер адам 120 сағат қоғамдық жұмысқа тартылады. Сондай-ақ зардап шеккендер қорына 5 АЕК мөлшерінде өтемақы өндіріліп алынды,- делінген сот қаулысында.