Бейнебақылау жүйелері жеке гигиена орындарын қоспағанда, келушілердің жүру маршруттары мен режимдік кабинеттерді де қамтиды. Нақты уақыт режимінде бейнежазбаларды қашықтан қарауға және бұзушылықтар болса жедел шаралар қабылдауға құқығы бар адамдардың тізбесі қалыптастырылды. Бұл шаралар тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін болдырмауға бағытталған. “Бейнежазбаларды адвокаттар, жәбірленушілер, күдіктілер, айыпталушылар, сот және басқа органдар дәлел ретінде пайдалануына болады. Органдар басшыларының бейнебақылау жүйелерінің жарамдылық жай-күйін қамтамасыз ету, бейне архивтің сақталуы үшін тікелей жауапкершілігі көзделген”, – делінген хабарламада.