Елімізде робот сот орындаушы іске қосылды

Бұл – пилоттық жоба. Осыған дейін азаматтар салынған айыппұлды уақытында өтей алмаған жағдайда оның 25%-ға дейінгі сомасын жеке сот орындаушыға төлеуге міндетті болатын. Бұдан былай бұл қызметті робот тегін атқарады. Жаңа жобаның арқасында отандастарымыз 2 млрд теңгеге дейін үнемдей алады. Жоба сәтті жүзеге асса, оны бүкіл республика аумағына енгізу жоспарланып отыр.