Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеген мыңға жуық адам арнайы төлемді рәсімдеп үлгерді

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті төрағасының орынбасары Анархан Дүйсенова осылай деді. Қазір осы арнайы төлем бойынша заңнама нормаларын түсіндіру жүргізіліп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, арнайы әлеуметтік төлемдер 55 жасқа толған және БЖЗҚ-да кемінде 7 жыл кәсіби зейнетақы аударымдары барларға тағайындалады.