Қазір Төтенше жағдайлар министрлігі бұл мәселені Қаржы және Ұлттық экономика министрліктерімен бірлесіп пысықтап жатыр. Юрий Ильин 2019 жылы өрт сөндірушілердің жалақысы 65 пайызға, кейін тағы 10 пайызға көтерілгенін айтты. Биыл тағы 3% өсті. Өрт сөндірушілердің 2019 жылы алған 65 мың теңге жалақысы бүгінде бірінші жылы еңбек өтілінсіз және үстемеақысыз 109 мың теңге шамасында болды.