Қант қызылшасына бөлінетін субсидия артады

Келер жылдан бастап қайта өңдеуге тапсырылған қант қызылшасының бір тоннасын субсидиялау нормасы ұлғайып, 40 мың теңгеге жетеді. Бұл туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек айтты. Бүгінде қант қызылшасын өсіруге кететін шығындар жыл сайын өсіп келеді. Шаруалардың айтуынша, былтыр бір гектарға 900 мың теңге жұмсалса, биыл шығындардың көлемі бір миллионға жетті.