Сенатта ол үшін жазаны күшейту қарастырылып жатыр. Қылмыстық кодекстің 272-бабының 1-бөлігінің санкциясы 3 жылдан 5 жылға дейін, 2-бөлігі бойынша 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады”, – деді ішкі істер министрі Марат Ахметжанов. Сондай-ақ қылмыстық топ құрамында жасалған бұзақылық үшін санкцияны күшейту жоспарланып отыр. “Кісі өлтіру және бандитизм үшін де санкциялар күшейтілмек. Заң мұндай адамдарға шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдану мүмкіндігін жоққа шығаруы керек”, – делінген хабарламада.