Сәпиевпен төбелескен балуан Зелимхан Мұсиханов оқудан шығарылды

Әлеуметтік желіде осындай ақпарат пайда болды. Балуан білім алған Қазақ спорт және туризм академиясы өкілдері осы жағдайға қатысты пікір білдірді. Олардың айтуынша, Зелимхан Мұсихановтың оқудан шығарылуына қатысты мәселе болмаған. “Оқудан шығарылған жоқ. Ол – 3 курс студенті. Соңғы жылы. Мамандығы – дене тәрбиесі мұғалімі. Қазір іс-тәжірибесінде”, – деді колледж өкілі. Еске салайық, Batyrball ойыны (күрес аралас баскетбол) кезінде Серік Сәпиев балуанмен жанжалдасып қалған болатын. Балуан Зелимхан Мұсиханов Сәпиевке қарсы күрес әдісін қолданған, бұл боксшыға ұнамаған. Содан төбелес басталған. Өзге ойыншылар спортшыларды ажыратып үлгерген.