Еліміздегі барлық мешіттің ауласында жұма намазын оқуға рұқсат берілді. “Мешіттер, православие шіркеулері және басқа да діни объектілер аумағында ұжымдық діни іс-шараларды ашық ауада өткізу маска режимі мен бір адамға кемінде 4 метр есебінен әлеуметтік қашықтық сақталған кезде жүзеге асырылады”, – делінген бас мемлекеттік санитария дәрігерінің 2 қыркүйектегі жаңа қаулысында.