Қылмыс жасағанын мойындату үшін полицейлер күдіктіні ұрып-соққан

Қылмыс жасағанын мойындату үшін полицейлер күдіктіні ұрып-соққан. Оларға қатысты үкім шықты. Қарағанды облысының Балқаш қалалық сотында төрт полицейге күдіктінің денсаулығына ауыр зиян келтірді деген айып тағылды. Қалалық сот баспасөз қызметінің мәліметінше, Балқаштың 44 жастағы тұрғыны педофилия күдігімен ұсталған. Оны полицейлер азаптап, тұншықтырған. Нәтижесінде ол әр түрлі дене жарақатымен шұғыл түрде Балқаш қаласының орталық ауруханасына жеткізіліп, онда оған ота жасалды. Сот сотталушыларды қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 3 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырып, 10 және 9 жылдан бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сот полиция бөлімінің төрт қызметкерін арнайы атақтарынан айырды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.