Еліміздің 5 қаласында коронавирусқа ПТР-тестілеуді уақытша тоқтатады

«Ұлттық сараптама орталығы» АҚ еліміздің 5 қаласында коронавирусқа ПТР-тестілеуді уақытша тоқтатады.
Орталықтың мәліметінше, коронавирус инфекциясын ПТР-тест әдісімен анықтау мемлекеттік тапсырысы бойынша жасалатын зерттеулердің көлемі өте көп болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тест тапсырушылар қатарында науқастармен байланысқан адамдар, пациенттер, медқызметкерлер және басқа да санаттағы азаматтар бар.

Осыған байланысты Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды және Орал қалаларында жеке тұлғалардан анализ алуды уақытша тоқтататамыз» делінген орталық хабарламасында.