Алматыда коронавирус жұқтырған 20 адамның жағдайы өте ауыр

Олар жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. 150 адамның жағдайы ауыр. 1222 адамның халі орташа. Бұл туралы 23 маусымда қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров хабарлады. Надыровтың сөзінше, қаладағы инфекциялық ауруханалардағы орындардың 95 пайызы, провизорлық орындардың 90 пайызы бос емес.

Қазір қалада вирус жұқтырған 1400 жуық адам ауруханада жатыр. “Халық арена” спорт кешенінде 500 орындық станционар және “Теміржол ауруханасы” базасында 150 орындық стацонар ашу жоспарда.

Сондай ақ, Жағдай ушығып кетсе, “Алматы арена” спорт кешенінде қолданып, инфекциялық стационардағы орын санын 3740-қа дейін жеткізуге болады” деді денсаулық сақтау басқармасының басшысы.