Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық соты ресми сайтында хабарлады. Сот қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етілмейтінін атап өтті. Еске сала кетсек, бұған дейін Мұрат Бектанов ұсталғаны хабарланған еді. Ол Қылмыстық кодекстің 452-бабы (“Билік өкілінің әрекетсіздігі”) бойынша күдікке ілінген. Айта кетсек, қаңтар оқиғасынан кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановты қатаң сынға алған болатын.