Еліміздің СІМ ауған босқындарын қабылдау туралы ақпаратты жоққа шығарды. Олардың Шымкент қаласы мен Түркістан облысына орналасатыны туралы ақпарды теріске шығарды деп хабарлайды «Хабар 24». Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін WhatsApp мессенджерінде Қазақстанға 70 мың ауған азаматы келеді. Оның 500-і ұшақпен Шымкент әуежайына келген, тағы 1500 адам алдағы уақытта келеді деген жалған ақпарат тарап кеткен еді. «Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды», – деп жазылған ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.