Әуе компаниялар Ауғанстанның әуе кеңістігімен ұшуды тоқтатып жатыр

Әуе компаниялар Ауғанстанның әуе кеңістігімен ұшуды тоқтатып жатыр. Бүгін Lufthansa концерні осындай шешім қабылдады. Бұдан бөлек, Turkish Airlines пен Emirates ұшақтары Кабулға рейстерін тоқтатты. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ауғанстанның азаматтық авиация басқармасы транзиттік ұшақтарға елдің әуе кеңістігін айналып өтуге кеңес берген болатын.