Аймақта бидай қымбаттаған. Теріскейде астықтың бір тоннасы 180 мың теңгеге дейін жетті, деп хабарлайды Zakon.kz. Қазақстан – ұн экспорты бойынша әлемде екінші орында. Ресей бидай экспортын тоқтатқан соң, елімізде бидай құны қымбаттап кетті. Қазір бидайдың тоннасы 160-180 мың теңгенің аралығында саудаланып жатыр. Ал ұнның бағасы шетел нарықтарында 185 мыңнан сатылуда. 5 теңге айырмашылық біздің шығынды ақтамайды,- дейді диірмен иелері. Қазір мемлекет субсидияны аямай төлеп жатыр, дизельдік отынды да төмендетілген бағамен ұсынады. Бірақ техниканың бөлшектеріне деген баға соңғы уақытта екі есе қымбаттады. Ал тыңайтқыштардың құны геосаяси тұрақсыздықтың салдарынан 50 процентке көтерілді.