Алматының даму жоспары қалалықтармен бірге жасалады

Алматы әкімдігі «Алматы-адамдар үшін жаһандық қала» бағдарламасын әзірледі. Онда мегаполисті 2025 жылға дейін дамытудың негізгі басымдықтары мен 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспиктивалар көрсетілген. Қала тұрғындары бағдарламаға қатысты өз ұсыныстарын «Алматыны дамыту орталығының» сайтында 1 шілдеге дейін қалдыра алады.