Синоптиктердің болжауынша, бүгін елдің солтүстік және шығыс өңірлерінде күн райы құбылмалы. Қар аралас жаңбыр жауады. Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді. Кей аумақтарда бұрқасын соғуы да ықтимал. Ал түнде елдің батысында бес градусқа дейін, ал шығыс пен солтүстікте 10 градусқа дейін суытады. Оңтүстікте түнгі минус 6 градустың шамасында болмақ.