Нұр-Сұлтан полициясы қаладағы жағдайға байланысты үндеу жасады

Елорданың полиция департаменті қалың қар жаууына байланысты жазғы доңғалақты тезірек ауыстыруға кеңес берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. “Бір тәуліктің ішінде астанада 96 жол апаты тіркелді. Осыған байланысты жолда барынша абай болу керек. Рұқсат етілген жылдамдықты сақтап, тежегішті кенттен баспаған жөн. Сосын алдыңғы және қапталдағы арақашықтықты сақтау қажет”, – дейді полицейлер. Қазгидрометтің болжамына сәйкес, сейсенбі, 5 қазанда елордада ауа температурасы 0-плюс 2 болады. Қар аралас жаңбыр жауады.