Нұр-Сұлтанда вакцинация қарқыны артты. Денсаулық сақтау мамандары азаматтардың вакцинация пункттеріне белсенді келіп жатқанын атап өтті. Қазір бүлдіршіндерден басқа барлық жас санаттағы тұрғындар КВИ-ге қарсы вакцинацияға келеді. Олардың арасында жүкті және бала емізетін әйелдер, 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер бар, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. «Pfizer препаратымен вакцинациялау басталған соңғы екі күнде екпенің бірінші компонентін тиісті контингенттен 1 мыңға жуық адам алды. Осы қарқынды сақтап, тиісті жұмысты жалғастыруды жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті қалалық Денсаулық сақтау басқармасы. Осылайша, елордада барлығы 460 мыңға жуық адам екпенің бірінші компонентін алды. Бұл екпе алуға жататын тұрғындардың 64,6%-ын құрайды.