Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Нұр-Сұлтан атауын Астана деп өзгерту туралы сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. “Күн тәртібінде мұндай мәселе жоқ”, – деді Қошанов Мәжіліс сыртында. Сондай-ақ, журналистер “депутаттар қала атауын өзгерту мәселесін көтеруі мүмкін бе” деп сұрады. “Жоқ, көтермейді”, – деді палата спикері. Қазақстан астанасының атауы 2019 жылдың наурызында Нұр-Сұлтан болып өзгертілді.