Қаңтар оқиғасы кезінде қираған Президент резиденциясы сүріледі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен қаңтар оқиғасы кезінде бұзақылар мен лаңкестер қиратқан Алматыдағы Президент резиденциясы сүріледі. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. “Оның орнына қала тұрғындары үшін саябақ салынады”, – делінген хабарламада. Айта кетейік, ғимарат 1995 жылы пайдалануға берілген. 2022 жылы бүлікке дейін ғимараттың қасбетін қайта жаңарту жоспарланған болатын.