Оқиға видеосы Қазнетте тарап кетті, – деп хабарлайды “Астана” арнасы. Әйелдер мемлекеттік органға тұрғын үй мәселесі бойынша келген. Алайда олар құрылыс саласындағы кәсіпкермен кездесіп, араларында жанжал туындаған. Кейін әйелдер шығаберісті жауып, ер адамға тап берген. “Жанжалға қатысушылар полицияға бір-біріне арыз түсірген. Бұл дерек “Сарыарқа” ауданы полиция басқармасына тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шара қабылданады”, – деп түсіндірді Нұр-Сұлтан Полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы.