Бұл туралы қалалық білім басқармасы хабарлады. Gismeteo деректерінше, елордада таңертең ауа температуасы -23 градусқа төмендеген. Күндіз сағат үш шамасында сынап бағанасы -12 градусқа дейін өзгеруі мүмкін. Еске сала кетейік, ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгін еліміздің алты өңірінде дауылдық ескерту жарияланды. Синоптиктердің болжамынша, 19 қарашада СҚО, БҚО, Қарағанды, Қызылорда, Алматы, Ақмола облыстарында бұрқасын, тұман, көктайғақ, жел болады.