Алматыда жаңажылдық ұжымдық кештер өткізуге тыйым салынды

Алматы коронавирус бойынша «жасыл» аймақта тұрса да, бала бақшаларда жаңажылдық ертеңгіліктер өткізуге болмайды. Бұл топтар арасында вирус жұқтыру қаупін тудырады. Алматы қаласының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, мегаполисте бір тәулікте 120-130 адамнан коронавирус анықталып жатыр. Егер ұжымдық шаралар өткізетін болсақ, біз бірден «қызыл» аймаққа ораламыз. Сондықтан карантин шараларын сақтауды одан әрі жалғастыру керек.