Елордада 16-19 желтоқсан аралығында қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді. «Жұмыс күнгі 18 желтоқсан 20 желтоқсанға ауыстырылды. Осыған орай жексенбі күні қоғамдық көлік сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жұмысын жалғастырады», – делінген City Transportation Systems хабарламасында. Еске сала кетейік, қоғамдық көлікке бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Автобусқа тек алдыңғы есік арқылы кіру қажет.