Алаяқ алматылықтарды 400 миллион теңгеге алдап кеткен

Алматы полициясы азаматтарды 400 миллион теңгеден астам соммаға алдап соққан адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz. 1977 жылы туған Шығыс Қазақстан обласының тумасы Ш.есімді азамат 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласының аумағында жүріп «Хан Тенгри» тұрғын үй кешенінен «жалға берілетін тұрғын үй» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғын үй алу, сондай-ақ жер учаскелері мен қамауға алынған көлік құралдарын электрондық саудадан алып беремін деп сылтауратып, тұрғындардың қаражаттарын ірі көлемде иемденіп, 400 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірген. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда.