Елордалық оқушылар ұжымдық иммунитет қалыптаспайынша мектепке оралмауы мүмкін. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов айтты. «Қаламызға қосымша шектеулер енгізгіміз келмейді. Бұл қала экономикасына, тұрғындардың әл-ауқатына әсер етеді. Сонымен қатар күзде жаңа оқу жылы басталады. Бірақ балаларымыз үшін мектептерді қайта аша алмаймыз. Ұжымдық иммунитет қалыптасқанға дейін қаламыз қалыпты режимге оралмайды», – деді ол. Нұр-Сұлтан вирус жұқтыру көрсеткіші бойынша әлі де «қызыл аймақта». Қауіпті індет күніне 300-ге жуық адамнан анықталып отыр.