Нұр-Сұлтанда екі күнде карантин талаптарын бұзған 10 мекеме анықталды. Ережеге сай жұмыс істемегендер шаһардың барлық аудуандарында тіркелді. Негізінен лаундж барлар мен кафелер карантин талаптарын елемеді. Тәртіп бұзушылар тізіміне компьютерлік клубтар мен сауналар да кірді. Бұл мекемелерге қатысты әкімшілік шаралар қабылданады. Айта кету керек, коронавирус жұқтыру деңгейінің төмендеуіне қарамастан, Нұр-Сұлтан эпидахуал бойынша әлі де «қызыл» аймақта.