ШҚО-да жалған 30 фирма құрған топ мүшелері сотталды

Мемлекетке 11 миллиард теңгеге жуық залал келтіргендер сотталды. Шығыс Қазақстан облысы бойынша қаржы мониторингі департаменті жалған шот-фактураларды заңсыз жазып берумен айналысқан алты азаматқа қатысты қылмыстық істі аяқтады. Топ 2014-2018 жылдар аралығында облыс аумағында заңсыз қызмет атқарған 30 фирма құрған. Алайда қағаз жүзінде ғана. Оның қызметкерлері де, мүлкі де, өндірістік-техникалық базасы да болмаған. Номиналды басшылардың ешқайсы қаржы-шаруашылық жұмысымен айналыспаған. Фирмаларда бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізілмеген. Мемлекетке келтірілген залал 10 миллиард 800 миллион теңге. Сот үкімімен топ мүшелері бас бостандығынан айырылды.