Денсаулық сақтау министрі осылай деп мәлімдеді. “Қалада коронавирус жұқтырғандардан алынған зертханалық үлгілердің ПТР-скринингінің нәтижелері бойынша үндістандық штамм деп аталатын дельта штамына тән мутация табылды”, – деді Цой үкімет отырысында. Министр коронавирустың дельта штамы басқа штамдарға қарағанда 60 пайызға жұқпалы және оның инкубациялық кезеңі 7 күн екенін айтты. “Соңғы зерттеулер коронавирустың үнді штаммынан адамның ауруханаға түсуі мен өлім-жітім көрсеткіші жоғары екенін көрсетті. Сонымен қатар, буындар мен іштің қатты ауыруы, ішек аурулары, есту қабілетінің жоғалуы сияқты жаңа клиникалық белгілер пайда болды”, – деді министр. ДДСҰ мәліметтері бойынша SarsCov2 дельта штамы әлемнің 74 елінде анықталған.