Қазақстандықтар биыл шілдеде бірнеше күн демалады

Халық әдеттегі сенбі мен жексенбіден бөлек, 6 шілде де демалады. Бұл күні Астана күні аталып өтеді. Биыл мереке сейсенбіге түсіп отыр. Бұл қосымша бір демалыс күнін береді. Осы ретте үкімет үш күн қатарынан демалу үшін жұмыс күнін 5 шілдеден сенбіге, 3 шілдеге ауыстырды. Ал 20 шілде Құрбан айт мерекесі күні қазақстандықтар тағы бір күн демалады. Ол күн сейсенбіге келіп тұр.