Елордада вакцина қабылдағандар көлік ұтып ала алады

«Вакцина қабылда да көлік ұтып ал». Маусымның 23-і мен тамыздың 31-і аралығында елордадағы «MEGA Silk Way» сауда орталығында екпенің бірінші компонентін салдырған азаматтар темір тұлпарға ие бола алады. Жеңімпаз қыркүйектің 5-і күні анықталмақ. Бұдан бөлек, бас қаладағы өзге де ірі сауда орындарында екпе қабылдағандар арасында тұрмыстық техника мен басқа да бағалы заттар ойнатылып жатыр. Мақсат – азаматтарды вакцина алуға ынталандыру. Атап өтейік, мұндай акциялар Польша, Таиланд, АҚШ, Ресей, Моңғолия Сербия, Индонезия, Қытай, Венгрия және Израильде өткен еді.