Министр Сұлтанов картоп іздеп көрші елдерге кетті

Министр Сұлтанов картоп іздеп көрші елдерге кетті. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов көкөністерді өзара жеткізу бойынша форвард келісімін жасасу үшін кеше Орталық Азиядағы көршілерге іссапармен кетті. Бұл туралы Сұлтанов халыққа есеп беру жиынында айтқан. “Ішкі нарықты тұрақтандыру және экспортты болжау үшін көршілермен, мысалы, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстанмен тиісті келісімдерге қол жеткізуді жоспарлап жатырмыз. Бүгін Орталық Азия елдерінен картоп, сәбіз, пияз, орамжапырақ тәрізді көкөністерді өзара жеткізу бойынша форвард келісімін жасасу үшін кетіп барамын”, – деді Сұлтанов. Сауда және интеграция министрі көкөністерді мемлекет емес, бизнес құрылымдар сатып алу керек, сол себепті Тәжікстан мен Өзбекстанға өзімен бірге бизнесмендер делегациясын алып бара жатқанын жеткізді.