Бұл туралы Үкіметтің Telegram-арнасында хабарланды. Ернұр Сапарұлы еңбек жолын Казталов ауданы N15 өрт сөндіру бекетінде өрттің алдын алу тобының инспекторы болып бастаған. 2002-2011 жылдары Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік өртке қарсы бақылау бөлімінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған. 2021 жылдың мамыр айында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментін басқарды.