Ұлттық қордан алғашқы төлемдер жасалды

БЖЗҚ дерегінше, 18 жасқа дейінгі 7 миллионға жуық баланың нысаналы жинақтау шотына қаражат түсті. Естеріңізге сала кетсек, жыл басында елімізде “Ұлттық қор – балаларға” бағдарламасы іске қосылды. Соған сәйкес, жыл сайын барлық кәмелетке толмаған баланың нысаналы жинақтау шотына қордан түскен инвестициялық кірістің бір бөлігі төленеді. Аталған шот БЖЗҚ-да автоматты түрде ашылған. Әр балаға 100,52 доллар төленді.