Еуропалық одақ Ресейге қарсы санкцияларын бір жылға ұзартты

ЕО Кеңесінің қаулысы “Еуропалық одақтың ресми журналында” жарияланды. Мәлімдемеде Ресейге қарсы шектеу шараларын келер жылдың 24 ақпанына дейін ұзарту керек екені айтылған. Шешім басылымда жарияланғаннан кейін келесі күні күшіне енеді. Бүгінге дейін Еуроодақтың Ресейге қарсы санкциялар тізіміне 1386 жеке тұлға мен 171 компания енді.