Өз-өзіне қол жұмсаған мерзімді әскери қызметшіге жыныстық зорлық жасалмаған

Бас әскери прокуратура осылай деп мәлімдеді. Еске сала кетсек, былтыр тамыз айында атыраулық әскери қызметкер өз-өзіне қол жұмсады. 18 жастағы Бекбол Мираш Жамбыл облысындағы Шөлдала шекара бөлімінде әскери борышын өтеген. Бас әскери прокуратураның мәліметінше, билікті асыра пайдалану арқылы өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бойынша күдікті ретінде сол заставаның келісімшарт бойынша әскери қызметшісі өтеді. Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, ол Б.Мирашты және онымен бірге әскерге шақырылған басқа да мерзімді әскери қызметкерлерді жүйелі түрде психологиялық тұрғыда қорлап, соққыға жыққан. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр. Бұл іс ерекше бақылауға алынған. Қылмыстық-процестік кодекске сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жөніндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.