Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов осылай деді. Ол аппарат кеңесінде көрермен сұранысына ие кассалық фильмдерді мемлекеттік тілде дубляждау тақырыбын көтерді. «Жыл басынан елде бірнеше ірі кинопремьера өтті. Олардың кейбірі қазақ тілінде дубляждың болмауына байланысты көрерменнің назарынан тыс қалды. Кассалық фильмдер аудиторияға мемлекеттік тілде қолжетімді болуы керек. Биыл мәдениет саласын дамытудың 7 жылдық тұжырымдамасын әзірлеп, Үкімет қаулысымен бекіттік. Енді жыл сайын кем дегенде 15 кинопремьераға қазақ тілінде дубляж жасалуы керек деген міндет қойдық»,- деді Асхат Оралов.