АЭС салынатын елді мекен бекітілді

Елімізде алғашқы атом электр станциясы Алматы облысында салынбақ. Энергетика министрлігі осылай деп хабарлады. «Атом электр станциясы құрылысының ең қолайлы ауданы ретінде Алматы облысы, Жамбыл ауданы Үлкен ауылының аумағы таңдалды. 2022 жылғы қарашада Алматы облысы мәслихатының кезекті сессиясында аудан тұрғындарын қолдау шартымен құрылысқа келісім беру туралы шешім қабылданды», – деді министрліктен. Осы ретте Алматы облысының әкімдігі халықпен жария талқылаулар өткізетін болады.