Бұл туралы Vesti.kz хабарлады. Біздің құрама әділ ойын (fair play) көрсеткені үшін Халықаралық футбол федерациясының марапатына ие болды. Сонымен қатар, ФИФА әлем чемпионатының үздік ойыншыларына жеке марапаттар берді. Турнир қорытындысы бойынша, Португалия құрамасының көшбасшысы Рикардиньо “Алтын доп” алды. “Күміс доп” оның командасындағы серіктесі Пани Варелаға, ал “Қола доп” Қазақстан құрамасындағы Дугласқа бұйырды. Ел құрамасының үздік бомбардирі де жүлдеге ие болды. Тайнан “Қола бутса” алды. Әлем чемпионатында ол алты гол соқты. “Күміс бутса” қанжығасында сегіз гол бар бразилиялық Пани Варелаға бұйырды. Турнирдің үздік сұрмергені және “Алтын бутса” иегері тоғыз гол соққан бразилиялық Феррао атанды.